2017 жылдың 7 қарашасында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібінде «Шымкент қаласының әкімін тағайындауды келісу туралы» мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі лауазымына Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевтың кандидатурасын ұсынды.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Шымкент қаласының әкімі лауазымына Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевтың тағайындалуына келісім беріп, шешімді бірауыздан қабылдады.