2017 жылдың 31 наурызында Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына әкімдік мүшелері, қаланың жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Әл-Фараби полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Қаратау полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы.
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де шараларын орындайтын мекемелермен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік–кеңесші органның құрамын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/385-5с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы тұрақты комиссияларының жұмыстары жайлы есептері.
- Шымкент қалалық мәслихат хатшысының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
- № 1 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты Т.Ж.Сұлтанованы және № 5 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты М.А.Урмановты тұрақты комиссия мүшелігіне сайлау туралы.
- Шымкент қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің барлығы алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, қызу талқыланып, қалалық мәслихат депутаттары құрылымдық бөлімдердің және қалалық, аудандық жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары бойынша өз ұсыныстарын айтып, шешім жобаларына енгізіп, сессия барысында қолдау тауып, бір ауыздан қабылданды.