28.08.2017
2017 жылдың 28 тамызында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 19 сессиясы өтті
2017 жылдың 28 тамызында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына әкімдік мүшелері, қаланың жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Шымкент қалалық мәслихаты депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық қалаулыларының алдында 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Шымкент қаласының әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін қарап, талқылап, жоғары деген баға беріп, алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.