27.10.2017
2017 жылдың 27 қазанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 21 сессиясы өтті
2017 жылдың 27 қазанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына 28 депутаттан 23 депутат, әкімдік мүшелері, қаланың жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының күн тәртібінде:
- Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» №11/91-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, шешім бірауыздан қабылданды.