26.12.2016
2016 жылдың 26 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 12 сессиясы өтті
2016 жылдың 26 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, Ұлттық қор трансферттері 6 920 025 мың теңге, Облыстық бюджет трансферттері 4 568 146 мың теңге қарастырылған.
Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, бір ауыздан қолдау тапқан болатын.