22.12.2016
2016 жылдың 22 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезекті 11 сессиясы өтті
2016 жылдың 22 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мекемелер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясының күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
- Қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық құрылыс бөлімінің есебі туралы.
- Қала әкімінің ұсынуы бойынша қалалық мәслихаттың шешімдерімен бекітілген ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы құрылған консультациялық-кеңесші органдардың жұмыстары туралы.
- Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атақаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органды жаңа құрамда бекіту туралы.
- Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іскеасыру мәселелері бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі өңірлік комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласының сәулет-қалақұрылысы Кеңесінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласының дендросаябағына және көшелеріне атау беру туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізуге келісу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері жөнінідегі комиссиясының дербес құрамы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық
профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау ісі жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы.
- Сайлау комиссияларының шығып кеткендерінің орнына жеке мүшелерін сайлау туралы.
- Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- 2017 жылға арналған Шымкент қалалық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы.
- Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, қолдау тауып, бір ауыздан қабылданды.