02.12.2016
2016 жылдың 2 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
2016 жылдың 2 желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мекемелер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген «Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова баяндама жасады.
Аталған мәселе бойынша шешім жобасы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында және мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясында алдын ала қаралып, мақұлданғандықтан, қалалық мәслихат депутаттары сессияда бірауыздан қолдап, қабылдады.