2020 жылдың 10 ақпанында өткен кездесуге 74 тұрғын қатысты.
Бірінші мәселе: Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Егізбаев Нұрхан Кеңесбекұлы мен Хван Евгений Михайлович 2019 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында баяндама жасады.
Екінші мәселе: 2020 ж. 1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер туралы мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндірді.
Үшінші мәселе: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзерістері бойынша мәлімет берілді.
Тұрғындармен кездесу барысында қойылған сауалдар кеңінен талқыланып, мәселе сол жерде шешімін тауып отырды.Ал, кейбір сұрақтар бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауал жолданып алдағы уақытта шешімін табудың жолын қарастыруды жеткізді.
Есепті кездесу емен-жарқын өтті. Тұрғындар көкейіндегі көптеген сауалдарына жауаптарын алды. Жиын соңында тұрғындар халық қалаулырарының атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


