Мәжілісті Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров ашып, алдағы уақыттағы қойылған мақсаттарымен таныстырып, келесі сөз кезегін комиссия төрағасы Нұрғазы Бақтыбайұлы Бұхарбаевқа ұсынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
– Тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есептері
-Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын қарау туралы
-Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысуы туралы
-Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары туралы
Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау барысында комиссия мүшелерінен маңызды, тиімді ұсыныстар туындады.
-Атап айтар болсақ, комиссия мүшесі Хван Евгений Михайлович қаланың мектептеріне апаратын жолдың әрбір көшелерін жарықтандыруды ұсынды.
- Комиссия мүшесі Тоғызбаев Мүсірәлі Таласұлы мектеп оқушыларының арасында бұзақылық пен аз қамтылған отбасылар жайлы сөз қозғады және олардың санын азайту туралы мәселе көтеріп комиссия мүшелері арасында пікірлер айтылды.
