Мәжілісті Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров ашып, өз ой-пікірін білдірді. Алдағы уақыттағы қойылған мақсаттарымен таныстырып, келесі сөз кезегін комиссия төрағасы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараевқа ұсынды.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер бойынша мәселелер қаралды
– Тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есептері
-Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын қарау туралы
-Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысуы туралы
-Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары туралы
Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау барысында комиссия мүшелерінен маңызды, тиімді ұсыныстар туындады. Атап айтар болсақ,
– Депутаттық өкілеттік, этика әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылға арналған жоспарына «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» талқылау
- «Депутаттық этика» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастыру
- Комиссия мүшелері қажет болғанда басқа да тұрақты комиссия мүшелерімен бірлесіп қалалық құрылыс бөлімінің құрылыс нысандарының сапалығына зерделеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.