20.10.2020
Бүгін 20 қазан күні облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың маслихаттары хатшыларының қатысуымен бейнеконференция режимінде Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Жиында ҚР Президентінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: атты Жолдауының ережелері айтылып, «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыруға мәслихат депутаттарының құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға мәслихаттардың қатысуы туралы сөз болды.