Мәслихат хатшылығы

Басты бет » Мәслихат хатшысы

Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы 

Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев 1968 жылы 29 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, бірінші курсын аяқтағаннан кейін Совет Армиясы қатарына шақырылды.

1988 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтында оқуын жалғастырып, 1991 жылы «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмәмдады.

1994 жылы ҚР МКРСИ -де білім алып, бағалы қағаздар нарқында делдалды операцияларды жүргізу құқығына иелік лицензиясын алды.

1995 жылы Бағалы қағаздар нарқында іс жүргізетін жұмысшыларды дайындау курсында дәріс алып, делдалдық және дилерлік жұмыстарды жүргізуге Бірінші категориялы кәсіптік куәлігіні алды.

1997 – 2000 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын Заңгер мамандығы бойынша аяқтады.

Өзінің білімін және тәжірибесін дамыту мақсатында 2003-2005 жылдары РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы академиясынан «Іскерлік басқару шебері» біліктілігін игерді. Көп ұзамай 2005-2009 жылдары аталмыш академиядан «Іскерлік басқарудың PhD бағдарламасы бойынша докторы» дәрежесін алды.

         Еңбек жолын 1988 жылы «Тәуба» фирмасының коммерциялық мәселелері жөніндегі директоры болып бастады.

1993-1999 жылдары «Оңтүстік» компаниясының инженері, ал 1994 жылдан осы күнге дейін «Мұнай Инвестмент Груп» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келеді.

2007-2018 жылдары Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, депутаттық өкілеттілік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасы.

2018 жылдан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

         «НұрОтан» партиясының мүшесі

Отбасылық жағдайы: отбасылы, 4 баланың әкесі

Шекара сипаттамасы: О.Жандосов көшесі мен Қ.Қазиев көшесінің қиылысынан, Қ.Қазиев көшесінің тақ жағымен Мәделіқожа көшесіне дейін, Мәделіқожа көшесінің жұп жағымен Қ.Рысқұлбеков көшесіне дейін, Қ.Рысқұлбеков көшесінің тақ жағымен Ғ.Иляев көшесіне дейін, Ғ.Иляев көшесінің тақ жағымен Б.Момышұлы даңғылына дейін, Б.Момышұлы даңғылының тақ жағымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп жағымен А.Асқаров көшесіне дейін, А.Асқаров көшесінің жұп жағымен Х.Мамытов көшесіне дейін, Х.Мамытов көшесінің жұп жағымен Темірлан тас жолына дейін, Темірлан тас жолының тақ жағымен Бәйдібек би көшесіне дейін, Бәйдібек би көшесінің жұп жағымен Байтұлы баба көшесіне дейін, Байтұлы баба көшесінің жұп жағымен О.Жандосов көшесіне дейін, О.Жандосов көшесінің тақ жағымен Б.Момышұлы даңғылына дейін, Б.Момышұлы даңғылының тақ жағымен Ә.Керімше көшесіне дейін, Ә.Керімше көшесінің тақ жағымен Постышев көшесіне дейін, Постышев көшесінің жұп жағымен О.Жандосов көшесіне дейін, О.Жандосов көшесінің тақ жағымен Қ.Қазиев көшесіне дейін.