Хабарландыру

Басты бет » Оқиғалар мұрағаты » Кезекті 22 сессия
Қараша 25, 2022 10:00

Кезекті 22 сессия

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен

қала халқының назарына

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерге жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы 2022 жылғы 25 қарашада сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2. Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын арттыру туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

 

 

Шымкент қаласы мәслихаты

хатшысының міндетін атқарушы                            А. Елшиева    

Разработка сайтов