Хабарландыру

Басты бет » Оқиғалар мұрағаты » Кезекті 21 сессия
Қыркүйек 29, 2022 10:00

Кезекті 21 сессия

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерге жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
5. Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы;
6. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

 

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы                                            Б. Нарымбетов    

Разработка сайтов