Хабарландыру

Басты бет » Оқиғалар мұрағаты » Кезекті 20 сессия
Тамыз 12, 2022 10:00

Кезекті 20 сессия

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерге жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы 2022 жылғы 12 тамызда сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. Шымкент қаласында білім берудің сапасын арттыру және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
2. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

 

 

Шымкент қаласы мәслихаты

хатшысының міндетін атқарушы                            А. Елшиева    

 

Разработка сайтов