Хабарландыру

Басты бет » Оқиғалар мұрағаты » Кезекті 14 сессия
Наурыз 30, 2022 10:00

Кезекті 14 сессия

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен

қала халқының назарына

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы 2022 жылғы 30 наурызда сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. Тұрғындарды баспанамен қамту шаралары туралы;
2. Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
3. Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы;
4. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары және материалдық техникалық жабдықтау жағдайы туралы;
5. Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                      Б. Нарымбетов

 

 

Разработка сайтов