Шілде 7, 2022 11:00
Кезектен тыс 18 сессия
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы 2022 жылғы 7 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:
1.
|
Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы. |
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.