Хабарландыру

Басты бет » Оқиғалар мұрағаты » Кезекті 16 сессия
Мамыр 20, 2022 10:00

Кезекті 16 сессия

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы 2022 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы.
2. Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
3. Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
4. Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экологиялық мәселелерді реттеу шаралары туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

Разработка сайтов