Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Жаңабаев Нұркөз Сәрсенбайұлы

Жаңабаев Нұркөз Сәрсенбайұлы

Сұрақ қою

ОҚО, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында 1960 жылы 25 ақпанда дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1977 жылы Шымкент қаласының Қазақ Химия-Технологиялық институтына түсіп, 1980 жылы Ленинградтық инженерлік құрылыстық институтына ауысып, 1982 жылы бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1982 жылы-1984 Қазақ Химия-Технологиялық институтында оқытушысы болып бастаған.

1984-1987 жж. Мәскеу Инженерлік құрылыс институтының аспиранты.

1987 жылы Техника ғылымының диссертациясын қорғаған. (Мәскеу қ.)

1988-1994 жж. Қазақ Химия-Технологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, профком төрағасы, аға оқытушы, доцент.

1994-1996 жж. Шымкент қаласы «Южказэнерго» бөлім басшысы, бас директорының орынбасары.

1996-2000 жж. «Шымкент қаласы ТЭЦ-3» АҚ-ң бас директоры.

2000 ж. «Оңтүстік Энерго» ЖАҚ-ң бас директоры.

2000-2001 жж. Шымкент қаласы, «Сарыағаш электрлік жүйесі» кәсіпорнының директоры.

2001-2002 жж. Астана қаласы, «Астана энерго сервис» ААҚ-ң экономика және қаржы басқарма төрағасының кеңесшісі.

2002-2008 « АҚ-Су энерго» ЖШС-ң директоры.

2008 ж. «Энергоорталық» АҚ-ң Директорлар кеңесінің төрағасы.

1999 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

ҚР Президентінің алңыс хатымен, ОҚО және Шымкент қаласы әкімінің Құрмет Грамоталарымен, «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Құрмет» орденімен марапатталған.

«НұрОтан» партиясының мүшесі.