Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы

Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы

Сұрақ қою

Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев 1968 жылы 29 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, бірінші курсын аяқтағаннан кейін Совет Армиясы қатарына шақырылды.

1988 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтында оқуын жалғастырып, 1991 жылы «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмәмдады.

1994 жылы ҚР МКРСИ -де білім алып, бағалы қағаздар нарқында делдалды операцияларды жүргізу құқығына иелік лицензиясын алды.

1995 жылы Бағалы қағаздар нарқында іс жүргізетін жұмысшыларды дайындау курсында дәріс алып, делдалдық және дилерлік жұмыстарды жүргізуге Бірінші категориялы кәсіптік куәлігіні алды.

1997 – 2000 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын Заңгер мамандығы бойынша аяқтады.

Өзінің білімін және тәжірибесін дамыту мақсатында 2003-2005 жылдары РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы академиясынан «Іскерлік басқару шебері» біліктілігін игерді. Көп ұзамай 2005-2009 жылдары аталмыш академиядан «Іскерлік басқарудың PhD бағдарламасы бойынша докторы» дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1988 жылы «Тәуба» фирмасының коммерциялық мәселелері жөніндегі директоры болып бастады.

1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Оңтүстік» АПСК мұнай өнімдерінің 1-санатының инженері болып жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Мәслихат хатшысы қызметін атқарады.

2007 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, 2018 жылдың қазан айына дейн «Депутаттық өкілеттілік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасы».

«НұрОтан» партиясының мүшесі

Отбасылық жағдайы: отбасылы, 4 баланың әкесі