Басты бет » Депутаттар » Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы

Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы

Сұрақ қою

1962 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

1979 жылы ОҚО, Кентау қаласының №16 «Ю.А.Гагарин» атындағы орта мектебін бітірген.

1982-1985 жж. – Шымкент совхоз техникумға оқуға түсіп, «Техник-механик» мамандығын алған.

2000-2003 жж. – «Халықтар достығы» университетінде «Заңгер» мамандығын алған.

2005-2007 жж. – «Халықтар достығы» университетінде «Экономист» мамандығын алған.

1979-1980 жж. ОҚО, Кентау фабрикасының жұмысшы-слесарі жұмыс бастаған.

1980-1982 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.

1985-1989 жж. ОҚО, Шымкент қалалындағы ет комбинатының слесарі болып қызмет атқарды.

1989-1990 жж. №2 Шымкент автопаркінде жол қауіпсіздігінің инженері болып қызмет атқарды.

1990-1997 жж. «ЮЖКазЭнерго» ӨБ-нің инженері, «ЮЖКазЭнерго» ӨБ-і жанындағы брокерлік фирмасының директоры, «ЮЖКазЭнерго» ӨБ-нің орынбасары, коммерциялық бөлімінің бастығы болып қызметтер атқарған.

1997-2003 жж. «Энергоцентр-3» АҚ-ы бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

2003-2006 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының бизнес құрылымында жұмыс жасаған.

2006-2018 жж. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2008-2018 жж. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып қызмет атқаруда.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов