Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Сейтжанов Бауыржан Серікжанұлы

Сейтжанов Бауыржан Серікжанұлы

Сұрақ қою

Сейтжанов Бауржан Серікжанұлы 1972 жылы 15 тамыз айында Шымкент қаласында дүниеге келді.

Орта мектепті бітіріп, 1989 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетіне оқуға қабылданып, 1994 жылы заңгер мамандығын алып шықты.

2011 жылы Халықаралық бизнес академиясының докторантурасын бітіріп, бизнес әкімшілігі докторы ғылыми дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1995 жылы Шымкент қалалық Абай аудандық прокуратурасында прокурор көмекшісі қызметінен бастады.

1996-2000 жж. Шымкент қалалық прокуратурасында бөлім прокуроры, жалпы қадағалау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2000-2006 жж. «Жібек жолы тауар биржасы» акционерлік қоғамының президенті.

2006 жылдан бері «Стандарт Цемент» зауытының директоры.

Б.Сейтжановтың білім саласына қосқан үлесі ескеріліп, 2011 жылы «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық силығымен марапатталды.

«Стандарт Цемент» зауыты 2011 жылдың кәсіпкерлік саласындағы конкурсының «Үздік өнеркәсіп кәсіпорны» номинациясының иегері, зауыт директоры Б.Сейтжанов 2014 жылы «Ең үздік жұмыс беруші» конкурсының лауреаты атанды.

Шымкент қаласы мәслихатының V-VI шақырылым депутаты.

«НұрОтан» партиясының мүшесі.

Отбасылық жағдайы: Отбасылы, 4 баланың әкесі.