Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы

Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы

Сұрақ қою

Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Алтынтөбе ауылында өмірге келген. Мектепті бітірген соң 1970 жылы Алматы қаласындағы қазақ ауылшаруашылық институтына түсіп оны 1975 жылы бітірген. 2005 жылы Алматы экономика және статистик академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

1975 – Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазсельхозтехника» бірлестігінде аға инженер болып бастаған.

1977 – 1982 ж.ж. «Қазсельхозтехника» ауданаралық Бадам базасының бастығы.

1982 – 1986 ж.ж. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасына қарасты облыстық Госсельхозтехнадзор инспекциясының бастығы.

1986 – 1989 ж.ж. Облыстық агрором комитетінің партбюро хатшысы.

1989 – 1991 ж.ж. Облыстық партия комитетінің қабылдау және хаттар бөлімінің сектор меңгерушісі.

1992 – 1994 ж.ж. Бөген ауданының әкімі.

1995 – 1998 ж.ж. Облыстық әкім аппаратының азаматтарды қабылдау секторынң бастығы, Шымкент қалалық үй құрылысы шаруашылығы басқармасының бастығы.

1999 – 2003 ж.ж. Облыстық мәслихат депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы.

2003 жылдың 4 шілдесінен бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы             №2 Кәсіптік лицейдің директоры.

Е.Т. Сатқанбаев білім саласына сіңірген еңбек үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ыбрай Алтынсарин» медалімен марапатталған.

2007 жылы мамыр айында Білім және ғылым министрлігінің білім саласында елеулі еңбек үшін «Құрметті қызметкер» төс белгісіне иеленді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған ОРдабасы ауданының қүрметті азаматы.

Шымкент қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымдығы депутаты.

Отбасылы, 5 баланың әкесі, өсіп-өнген жанұя.