Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Салимов Баходир Сативалдиевич

Салимов Баходир Сативалдиевич

Сұрақ қою

№3 Сайлау округі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

1971 жылы 15 наурызда Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесінде дүниеге келген.

1978-1988 ж.ж. аралығында Тельман бөлімшесіндегі №29 В.И.Ленин атындағы орта мектепте (қазіргі №51 жалпы орта мектебі) білім алған.

1989-1991 ж.ж. аралығында әскер қатарында қызмет еткен.

Білімі жоғары.

Шымкент аграрлық-техникалық колледжін автомобиль қозғалтқышына техникалық қызмет көрсету мамындығы бойынша тәмандаған.

Еңбек жолын кәсіпкер ретінде бастап, ұзақ жылдар бойы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық өсуіне өзіндік үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта басқаруындағы «Салимов» ЖК арқылы көптеген қала тұрғындарына жұмыс беруде.

Бұдан бөлек, қоғамдық жұмыстардан шет қалған емес. Түрлі мемлекеттік және басқада мерекелер мен іс-шараларға қаржылай демеуші болған.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұйғыр этно-мәдини орталығының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылық жағдайы: отбасылы, 4 баланың әкесі.