Басты бет » Депутаттар » Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы

Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы

Сұрақ қою

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Жұлдыз елдімекенінде 1981 жылы 16 тамызда дүниеге келген.

1988 жылдан 1999 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылындағы орта мектепте оқыды.

2006 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Инженер – технолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2014 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсткен.

2009 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Централ – Азия Технология – Сервис» ЖШС-де директор қызметін қоса атқарған.

2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін «Ленгір қыш» ЖШС-нің директор лауазымында жұмыс атқарған, Төлеби ауданындағы кірпіш зауытының құрылысы мен өндірісін ретке келтіруге қатысқан.

2006 жылдан бастап «Ұлы-Орда»ЖШС құрылтайшысы, компанияны ұйымдастырған сәттен бастап Вице-президент лауазымында жұмыс істеген, 2014 жылғы қазаннан бастап «Ұлы – Орда» ЖШС-нің президенті лауазымында жұмыс істейді, компанияның қаржылық және шаруашылық қызметін басқарады.

«Nur Otan»партиясының мүшесі.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов