Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы

Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы

Сұрақ қою

Құраманбекова Гүлнар Мамытқызы 1960 жылы дүниеге келген. Қөп балалы отбасында тәрбиеленген.

Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы орта мектепті 1977 жылы бітірді, Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтын 1982 жылы бітіріп, дәрігер мамандығын алды.

1983 жылы ата қонысқа оралған дәрігер, қасиетті Арыстанбабтың киелі жерінде үзіліссіз 16 жыл еңбек етіп, туған жерге деген перзенттік парызын өтеді.

Табиғатынан жаны нәзік жас маманның өз ісіне құлшынысымен іздемпаздығы аз уақытта-ақ оны білікті дәрігер етіп танытты. Адам тағдырына сергек қарап кәсіби қызметін абыройлы атқаруда іскерлік қабілетін көрсете білген ол, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылдан бері Шымкент қаласындағы №2 қалалық емхананың бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

Аз уақыттың ішінде біліктілігімен білгірлігі жеткен басшы болып қалыптасты.

Үкіметтік басғдарламада қамталған алғашқы медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру, алдын алу жұмыстарымен әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуді жүйелі жүргізу сиақты шараларды атқаруда қала халықына сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізді.

  • 2001 жылы «Қазақстан конституциясына 10 жыл» құрметіне орай медальмен марапатталды.
  • 2002 жылы іскерлігі мен білгірлігін ұштастыра біліп, жарқын істердің бастамашысы болудың нәтижесінде әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы мамандығы бойынша жоғары дәрежелі дәрігер және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.
  • 2004 жылы ол өзінің ерен еңбегімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдерісі ұлттық комиссияның өткізген «Әйел басқаратын ең үздік кәсіпорын» байқауында «Денсаулық сақтау саласы» номенациясы бойынша жеңімпаз атанды.
  • 2006 жылы Президенттік сайлау науқанында белсенді атсалысқаны үшін ҚР Президентінің алғыс хатына ие болды.
  • 2002-2007 ж.ж. аралығында Шымкент қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне, өркендеп гүлденуіне, қосқан қомақты үлесі үшін Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы облыс және қала әкімінің тарапынан 7 рет алғыс хаттарға, қалалық денсаулық сақтау басқармасынан бағалы сыйлықтарға және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша департаментінің тарапынан алғыс хаттарға ие болды.
  • Шымкент қаласы мәслихат депутаты.
  • «Отан» партиясының мүшесі.
  • Отбасылы. Екі ұлы да жоғары білімді, заңгер.