1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл қаласында дүниеге келген.
1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1984-1989жж. Жамбыл педагогикалық институтында «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасында оқытушы қызметінен бастаған.
1989-1990жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер-зерттеуші.
1990-1995жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты.
1995жылы «1920-1930 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
1995-2001жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасының аға оқытушысы, доценті.
2001-2003жж. «Саясаттану және әлеуметтану»кафедрасының меңгерушісі.
2003-2008жж. жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, жаратылыстану-әлеуметтану, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы. 2008-2010жж. тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры.
2010-2013жж. оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2013-2018жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры қызметін атқаруда.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Жаңалықтар мұрағаты
No posts