Басты бет » Депутаттар » Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Сұрақ қою

1984 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Шымкент қаласындағы №50 жалпы орта мектебін бітірген.

1998-2001жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің техникалық лицейінде физика – математикалық бейімділікпен оқыды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің физика – математикалық бағыттағы техникалық лицейін аяқтаған соң, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» мамандығы бойынша оқып, химик-сарапшы біліктілігін алған.

2006-2008жж. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, білікті құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

2011жылы Академиялық инновациялық университеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен «Қаржы» мамандығы бойынша қаржы бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

2008-2010жж. «NOMAD» инвестициялық – қаржылық тобы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;

2012-2015жж. «South Kazakhstan Oil Group» ЖШС директоры;

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «Zoloto» Микроқаржы ұйымы» ЖШС Бас директоры қызметін атқаруда.

«Nur Otan» партиясының мүшесі

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов