Басты бет » Депутаттар » Оспанәлиева Рәшкүл Жәлелқызы

Оспанәлиева Рәшкүл Жәлелқызы

Сұрақ қою

1961 жылы 20 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы қаласындағы филиалына түсіп, оны 1984 жылы  дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу біліктілігі бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1978-1979 жылдар аралығында  Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Абай атындағы  орта мектептің бастауыш сыныбында мұғалім болудан бастаған.

1984-1991жж. Шымкент астық өнімдері комбинатының өндірістік техникалық бөлімінде нұсқаушы-әдістемеші, инженер-метролог, аға инженер, цех лаборанты міндеттерін атқарған.

1992-1994жж. Шымкент қаласының №35 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарған.

1994-1996жж. жеке кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаған.

1996-1998жж. астықты қайта өңдеу ісімен айналысатын «Қанат» ЖШС-нің директоры болған.

1998 жылдан бері асфальт-бетон шығаратын, автокөлік жолдары мен көпір салатын «Корпорация «Береке-А» ЖШС-нің  құрылтайшысы, бас директоры, бас директорының кеңесшісі болып қызмет атқарып келеді.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов