Басты бет » Депутаттар » Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы

Сұрақ қою

1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде саясаттану мамандығы бойынша аяқтап, қосымша «Заңгер» мамандығын игерген.

 

Еңбек жолын 09.1998-03.2001 жж Сарыағаш ауданы №13 кәсіби-техникалық мектебінің оқытушысы болып бастаған.

12.2001-05.2003 жж Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, кейіннен бөлім бастығы;

05.2003-02.2004 жж ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы;

12.2004-11.2006 жж ҚР Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы;

11.2006-08.2008 жж Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры;

08.2008-12.2009 жж ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

12.2009-03.2010 жж ҚР Әділет министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

03.2010-09.2015 жж Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

09.2015-07.2018 жж «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, «Азиялық газқұбыр» ЖШС-нің Шымкент қаласы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры.

07.2018-01.2021 жж «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып тағайындалды.

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы еңбек жолында атқарған еселі жұмыстары үшін «Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» «Nur Otan» партиясының төс белгісімен, Елбасының және ҚР президентінің алғыс хаттарымен және облыстық мәслихаттың Грамоталарымен марапатталған.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов