Басты бет » Депутаттар » Мамықова Нәзипа Дарханбайқызы

Мамықова Нәзипа Дарханбайқызы

Сұрақ қою

1989 жылдың 27 қаңтар айында  Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

2017 жылы Аймақтық-әлеуметтік университетті «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2020 жылы «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесімен бітіріп шыққан.

2008-2009жж. «Айғақ» телеарнасында журналист, «Замана», «Калима» газеттерінде тілші.

2009-2010жж. «Ел бірлігі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

2010-2011жж. «Ел бірлігі үшін» қоғамдық қордың төрайымы және «Факт-Ақиқат» газетінде бас-редактордың орынбасары.

2010-2011жж. «Жас Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі.

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Саясат-ақпарат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы.

2013 жылдан бастап «Білім-информ», «Медицина-информ», «Әйел әлемі» журналы, «Ақпарат-инфо» ақпараттық порталының директоры.

2013-2015жж. «Қазақ үні» республикалық газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі.

2013 жылдан  «Бақ Медиа Корпарейшн» ЖШС-нің директоры.

2013 жылдың 1 тамызынан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің баспасөз хатшысы. Сол жылы  «АҚ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төрайымы.

2020 жылдан «Dabyl.kz» республикалық ақпараттық порталының жетекшісі.

«Ақ жол» партиясының мүшесі.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов