Басты бет » Депутаттар » Джұмақұлова Айгерім Әбдіохапқызы

Джұмақұлова Айгерім Әбдіохапқызы

Сұрақ қою

1991 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Шымкент қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы № 39 жалпы орта мектебіне қабылданған.

2008-2012жж. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінде оқып, «Аймақтанушы» мамандығын алған.

2012 жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі жанындағы «Коммуникациялар орталығы» КММ қызметінде жетекші маманы болып жұмысқа қабылданған.

2012-2015жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» КММ бас маман қызметін атқарған.

2015-2016жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы, облыс әкімі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған.

2016-2018жж. Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы, қала әкімінің аппараты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы «ОтырарTV» медиа холдингінің директоры қызметін атқаруда.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Жаңалықтар мұрағаты

No posts

Разработка сайтов