Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Дәрменов Ермек Аманжолұлы

Дәрменов Ермек Аманжолұлы

Сұрақ қою
  1. Тегі, аты, әкесінің аты – Дәрменов Ермек Аманжолұлы.
  2. Туған жылы мен туған жері – 17.10.1972ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы.
  3. Білімі – жоғары, АЗМИ 1994 ж, Алматы туризм және спорт институты 1994 ж, Қаржы полициясы Академиясы 2003 ж, М.Әуезов атындағы ОКМУ 2006 ж.
  4. Жұмыс орны, атқарып отырған қызметі – Футболдан ОРДБЖМСМ директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты.
  5. Жалпы еңбек өтілі – 18 жыл.
  6. Салады еңбек етілі – 18 жыл.
  7. Аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі -5 жыл.
  8. Тәртіптік жазаға тартылган ба? – Жок.
  9. Нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

Еңбек жолын 1994 жылы Сайрам ауданының №83 мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінде бастайды.

2002 жылы Шымкент қаласының «Достық» футбол клубы директорының орынбасары болып тағайындалып, осы қызметте 2004 жылға дейін еңбек етті.

2004 жылы «Ордабасы» футбол клубы директорының орынбасары қызметіне ауысқан. 2005-2007 жылдар аралығында «Ордабасы» футбол клубының директоры қызметін атқарды .

«Нұр-Отан» ХДП-ның мүшесi, ОКО футбол қауымдастығының мүшесi, Шымкент калалық мәслихатынық депутаты.

2008 жылы «ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткерi» атағына ие болган.

2009 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2002 жылы «ҚР футболдан спорт шебері» атағына ие болды.

2007 ж. желтоксанның 28-жұлдызынан футболдан облыстық олимпиадалық резертің мамандандырылғав балалар мен жасөспірiмдердің спорт мектебі директоры қызметінде.

Дәрменов Е.А. ұжымда серпінді бағдарламалар жасап оқу-жаттығу үдерісін жоғары әдістемелік деңгейге көтерді. Жаттықтырушы-оқытушылардың педагогикалық және кәсіби шеберліктерінің өсуіне баса көңiл аударды. Жасөспірімдер мен балалар арасында футболды дамытудың әлемдегі озық үлгәлерін насихаттайды. Соның нәтижесінде футболдан ОРДБЖМСМ құрама командалары барлық жас топтары бойынша еліміздің чемпионаттарының жеңімпаздары болып облысымыздың абройын артырып беделін өсіруде. Мектеп оқушылары ҚР кұрама командасы сапында Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына қатысты.

Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының жазғы Спартакиадаларының 6-дүркін жеңімпаздары .

13 жасөспірім футболшы еліміздің кұрама командаларының мүшелері. Бразилияның «Оле-Бразил-футбол клаб» футбол академиясында дайындыктың бірінші кезеңінде 5 оқушы шеберліктерін шыңдады. Қазіргі кезде 3 оқушы аталмыш футбол клубында оқуда.

Мектепте бес жас ерекшелiктері бойынша 125 оқушы футболдан арнайы сыныптарда оқиды.

Дәрменов Ермек Аманжолуұы ауыл жастарын спортқа тарту үшін көп жұмыс атқаруда.

Бүгінгі таңда Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Отырар, Ордабасы , Мақтарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарындағы бөлімдердегі 197 оқу тобында 2915 оқушы-спортшы футболдан шеберліктерін шыңдауда.

Дәрменов Ермек Аманжолұлының алдындағы негізгі мақсаттардың бipi Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей (Омск, Томск) командаларымен Халықаралық жарыстарда немесе жолдастық кездесулерде ойнап қана қоймай, алыс шет елдердің командаларымен де ойындар өткізу. Қайсы бір спорт түрі болсын оны әлемдік деңгейде дамытудың негізі білікті мамандар, заманауи кұрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, спорт кешендері психология, педагогика, медиина, биология, биомеханика т.б. ғылым салаларына сүйене отырып оқу-жаттығу үдерiсін ұйымдастыруда. Жаттықтырушылар жиі селекциялық жұмыстар өткізіп тұрады .

Мектеп түлектері Қазақстан Республикасы жастар кұрамасының сапында Еуропа чемпионатының Испанияда өткен «Алтын раунд» ойындарына қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Қазір, «Ордабасы » жане «Қыран» касіби футбол командаларында облысымыздың намысын қоргап келе жатқан жігерлі жасөспірімдердің қатарында мектептің 1995,1996,1997,1998,1999,2000 жылдары туылған ізбасарлары бар.

«НұрОтан» партиясының мүшесі.