Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Битеміров Мұхтар Құралұлы

Битеміров Мұхтар Құралұлы

Сұрақ қою

Битеміров Мұхтар Кұралұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Тельман ауылында туылған.

1975 жылы Ленин атындағы №29 орта мектепті алтын медальмен бітірді.

1981 жылы Менделеев атындағы Москва химия – технологиялық институтында байлағыш материалдардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша оқып, инженер – технолог біліктілігін алды. Сол жылы Қазақ химия – технологиялық институтының (Шымкент қ.) ғылыми қызметкері ретінде жұмысқа қабылданды.

1988 жылы Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтында кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды.

1987-1992 ж.ж. аралығында Қаз ХТИ – да аға ғылыми қызметкер, оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқарды.

1992-1994 ж.ж. аралығында Байқоныр космодромына арнайы материалдар дайындайтын арнайы материялтану институтының бөлім бастығы қызметін атқарды.

1998 жылдан бері «Зерде» ҒӨБ ЖШС – нің бас директоры қызметін атқаруды.

Битеміров Мұхтар Кұралұлы – 1 оқулықтың, 1 монографияның, 70-тен астам ғылыми еңбектер мен мақалалардың, сондай-ақ 23 ойлаптапқыштық пен патенттердің авторы. Ғылыми еңбегі үшін АШЖК СССР күміс медалімен (1988ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006ж.), Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП – ның мүшесі, Қазақстан Республикасы кәсіби бокс федерациясының висе – президенті.

Отбасылық жағдайы: отбасылы, 4 баланың әкесі.