Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы

Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы

Сұрақ қою

медицина ғылымдарының докторы,

профессор,   жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, Қазақстан Республикасы клиникалық және фундаментальды ғылым академиясының корреспондент және Нұр Отан партиясының мүшесі.

 

1967 жылдың 15 қаңтарында Оңтүстік

Қазақстан облысындадүниеге келген.

1986  жылы Шымкент медицинаколледжінің санитарлық – фельдшерлік бөлімін бітірген соң, Бәйдібек аудандық санитарлық – эпидемиологиялық  станциясында санитар дәрігерінің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. 1986-1988 жылдары әскер қатарында санитарлық нұсқаушы болып борышын өтеген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының дайындық бөліміне түсіп, 1989 -1995 жылдары осы аталған оқу орнының медико – профилактикалық ісі факультетінің дәрігер – гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Сонымен қатар, 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының «Фармация» мамандығын бітіріп, провизор біліктілігі берілді.

1995-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «Әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау» кафедрасының  ассистенті, аға оқытушысы, доцент, профессор м.а. қызметін атқарды. Сонымен қатар, 1998-1999 оқу жылында академияның жастар ісі комитеті төрағасының қызметін қоса атқарған. 2005-2006 жылдары ОҚММА-ның жанындағы орта буын кәсіби мамандар даярлау факультетінің деканы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ  түрік университеті президентінің медициналық мәселелері бойынша кеңесшісі.  2009-2017  оқу жылдары Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ түрік университетінің Шымкент медицина институтының директоры қызметін атқарды. 2017жылдың наурыз айынан  бастап ОҚО ДСБ «Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасы» МКҚК бас дәрігері.

2000 жылы 21-қыркүйекте ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау медициналық экономикалық мәселелері» Ғылыми орталығына қарасты Диссертациялық Кеңесте 14.00.33 – «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2003 жылы ҚР ЖАК (ВАК) шешімімен медицина мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ие.

2007 жылы 15-қарашада ҚР ДСМ «Ұлттық Ғылыми медицина орталығына» қарасты БД 09.14.10 Диссертациялық Кеңесте 14.00.33 – «Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғап шыққан.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Білім және Ғылым бақылау комитетінің 2010 жылғы – шешімімен медицина мамандығы бойынша профессор.

Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлының 22 жылдық ғылыми-педагогикалық еңбегінің нәтижесінде 119-ден астам ғылыми еңбектері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. Оның ішінде 1 оқу құралы, 1 оқу әдістемелік құралы, 2 оқулық, 2 әдістемелік ұсыныс, 4 ақпараттық парақ, 2 авторлық куәлігі бар.

Профессор Р.С.Бектұрғановтың жетекшілігімен8 медицина ғылымдарының кандидатын, 17 магистрантты медицина және қоғамдық денсаулық сақтау  мамандықтары бойынша даярланды. 1 PhDдокторантқа ғылыми жетекшілік жасауда. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, академия кәсіподақ ұйымы және теориялық пәндер ғылыми семинар төрағасының орынбасары қызметтерін қоса атқарған.

2010жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы Д 09.09.02. диcсертациялық кеңесінің мүшесі болды.

Қазіргі таңда, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Философия докторы (PhD) Диссертациялық Кеңесінің» мүшесі.2007 жылы ОҚММА емдеу факультеті бойынша «Үздік оқытушы» атағына ие болған.

Еңбек жолында ОҚММА және ҚР ДСМ –ның мақтау қағаздарымен алғыс хаттармен, Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы үздігіне»төс белгісімен (2008), ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісімен (2010) және  ҚР Ұлттық медициналық ассоциацының шешімімен «Алтын дәрігер»медалімен (2013), «Қазақстан патриоты» медалімен (2013), Оңтүстік Қазақстан Облысының «Құрметті стомотологы» төс белгісімен (2013), ҚР Білім және Ғылым министрлігінің шешімімен «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен (2014) , ХҚТУ Сенат шешімімен «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен (2014), «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен (2015), «Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің дамуына қосқан үлесі үшін» П.М.Поспелов атындағы медалімен (2015), ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен (2016), ҚР «Тәуелсіздігіне 25жыл» мерекелікмедалімен(2016) және «Д.А.Қонаев 105жыл» медалімен (2017)  марапатталды.