Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Ахметбаев Ғани Молдабекұлы

Ахметбаев Ғани Молдабекұлы

Сұрақ қою

Ахметбаев Ғани Молдабекұлы 1963 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудына, Қайтпас бөлімшесінде көп балалы, шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі – Ахметбаев Молдабек Ахметбайұлы, Ұлы отан соғысының ардагері. Анасы – Ахметбаева Тұйғын Шорнаққызы, дүниеге он екі бала әкелген Батыр Ана.

1970-1980 ж.ж. Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында он жылдық білім алды. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде грек-рим күресінен «Спорт шеберіне үміткер» атанды.

Білімі жоғары. 1980 жылы Қазақ химия-технология институтының (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) автомобильдер және автомобильдер шаруашылығы факультетінің кешкі бөлімінде инженер механник мамандығы бойынша білім ала жүріп, Шымкент қалалық атшабарында еңбек жолын бастады.

2006 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ – нің «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қосымша білім алды.

1981 жылы Шымкент аудан аралық өндіріс бірлестігінде дәнекерлеуші болып істеді.

1982-1984 ж.ж. аралығында Мәскеу облысының Чехов қаласында әскер қатарында азаматтық борышын өтеді.

1984 жылдан №3 Автокомбинатта механник болды.

1986 жылы Бозарық кеншарының Қайтпас-бір бөлімшесінде дихан болып еңбек етті.

1990 жылдың маусымы мен 1991 жылдың мамыры аралығында «Сервис Лада» акционерлік фирмасында автослесарь болып еңбек етті.

1991-2003 ж.ж. аралығында «АБК-Нарық» ЖШС директоры қызметін атқарды.

2003 жылы сәуір айында «Югстроймонтаж» ЖШС құрылтайшысы болып бекітілді. «Югстроймонтаж» ЖШС басқара жүріп Ғ.М.Ахметбаев өзінің еңбек жолдарында халықтың игілігі үшін көптеген жұмыстар атқарды.

2003 жылдың шілде айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің «Темірлан» МКҚК-да алғашқыда жаттықтырушы, кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ғани Молдабекұлының кәсіпорынның өркендеп, өсуі үшін атқарған еңбектері ерекше. Халқымыздың қанына сіңген ат спорты ойындарын облыс көлемінде дамыту, жетілдіру, болашақ жастарға мұра етіп қалдыру мақсатында қосқан үлесі зор. 2003 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін ат спортынан өткен халықаралық, республикалық, облыстық жарыстар, чемпионаттар мен турнирлерге қатысу үшін шабандоз-спортшыларымен оқу-жаттығу жұмыстарын жоғары дәрежеде өткізіп, жүлделі орындарды иеленді.

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан еңбегі үшін Ахметбаев Ғани Молдабекұлына Қазақстан Республикасы Спорт комитетінің 2006 жылдың 6 маусымындағы №1-10/43 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы берілді. Елге сіңірген еңбегі үшін «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР ҰСТҚ Президенті Қ.Сатыбалдыұлының «ҚР-ның Ұлттық спорт түрлерін дамыту мен танымал етуге зор үлес қосқаны үшін» Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен, Елбасы Н.Назарбаевтың «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдық» медалмен, сол сиақты ҚР-ның Туризм және спорт министрлігінің министрі Т.Досмұхамбетовтың, Облыс әкімі А.Мырзахметовтың, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарма бастығы П.Қырықбаевтың алғыс хаттарымен марапатталған.

2007 жылдың 15 мамырынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алғаш ашылған Ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі және өзі мүшелік еткен партияның саясатын толық қолдайды.

2007 жылдың тамыз айында Әл-Фараби ауданы №1 округ бойынша Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Отбасылы, жары Ахметбаева Күміскүл Тұрмағамбетқызымен 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, өсіріп отырған ардақты азамат.

Халық қалаулысы болған жылдары атқарған еңбектерін жасөспірімдер мен балаларды салауатты өмір салтына баулу, қала маңындағы Қайтпас-1,Бозарық елді мекендердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру, Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатына арнап, көптеген игі істердің жемісті шешімін табуына ұйытқы болуда.