Аудандық депутат

Басты бет » Депутаттар » Ахматханов Хусанхан Музапбарханович

Ахматханов Хусанхан Музапбарханович

Сұрақ қою

1953 жылы 5 сәуір айында ОҚО облысы Сайрам ауданы Сайрам ауылында дүниеге келген.

Алғаш білімін   Сайрам ауданындағы   №1 Калинин   атындағы орта мектепте алған. 1971-1973 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында қызмет етті.

1973 жылы Сайрам аудандық тұтынушылар қоғамы сауда бірлестігінің сатушысы болып бастап, сауда бірлестігінде сауда жұргізушісі ,сауда бірлестігінің дүкен меңгерушісі жұмыстарын атқарған.

1982 жылы В.В.Куйбышев атындағы Халықтар Достығы орденді Самарқанд кооператив институтында «Сауда жүргізу және азық түлік емес тауарлардың саудасын ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқуды бітірге.

1989 жылы сауда бірлестігінің директоры , 2004 жылдан бастап «Сайрам су» өңдірістік кооперативінің төрағасы, 2007 жылдан бастап Сайрам ауданы Сайрам ауыл округінің әкімі, 2014 жылдан бастап «Сайрам» сауда үйінің кеңесшісі қызмеін атқарып келеді.

Х.М.Ахматханов негізгі қызметі мен қатар қоғамдық жұмыстарды атқарды. Ұлтаралық келісім, Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытында да кең ауқымды қоғамдық жұмыстар жүргізді. 2004-2005 жылдары Сайрам және Қаратөбе ауыл округтері өзбек мәдени орталығының торағасы, 2005-2007 жылдар Сайрам ауданы өзбек мәдени орталығының торағасы міндетін атқарды. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзбектері «Достық» қауымдастық басқаруының төраға орыбасары міндетін атқарды.

«Нұротан» партиясының мүшесі.

Отбасылы. Отбасылы, 4 баланың әкесі.