Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша бос орындарға байқау жариялайды
21.09.2020

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша бос орындарға байқау жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкесШымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы  Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамынан шығып қалған 6 мүшесінің орнын толықтыру мақсатымен, қалған өкілеттік мерзімін жалғасытыру (2022 жылдың наурыз айына дейін)  үшін  6 бос орынғаазаматтық қоғам өкілдерінен іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Құжаттар жұмыс тобына 2020 жылғы 22 қыркүйегінен бастап 5 қазанды қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады:

Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы, № 10, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты № 205 бөлме. Байланыс телефоны: 24-74-42, 24-74-72, электронды пошта: maslihat_shm@mail.ru.

 

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар байқау жөнінде хабарландыру жарияланғаннан кейін көрсетілген мерзім аралығында келесі құжаттарды тапсырады:

  1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. сотталмағандығы жөнінде анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы);
  4. психикалық мінез –құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;

Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

№1 өтініш үлгісі

№2 өтініш үлгісі