Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс
01.02.2022

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы 

 

Шымкент қаласының мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Жұмыс тобы құрамының саны 9 адамнан, оның ішінде 3  адам мемлекеттік органның және 6 адам азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2022 жылғы 1-5 ақпан аралығында Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына келесі құжаттарды (Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №10, №206 бөлме, байланыс телефоны: 24-74-71, сағат 09:00-ден – 19:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 15:00-ге)) қолма-қол береді немесе qogamdykkenes_shymkent@mail.ru электрондық мекенжайына жібереді.

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Қоғамдық кеңес туралыүлгілік ережеге

1-қосымша

Нысан
Кімге __________________________
(республикалық деңгейде мемлекеттік органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы)
__________________________ тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)кімнен_________________
__________________________(өтініш берушінің аты, жөні,тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік

№ ____, берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

 

20___ жылғы «____»                Өтініш берушінің қолы ___________

Разработка сайтов