Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
05.03.2020

Шымкент қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша қалалық, аудандық аумақтық комиссия мүшелігінен босаған орындарға, учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамының өзгеруіне және жаңадан қосымша 52 учаскелік сайлау комиссияларының құрылуына байланысты, пайда болған бос орындарға үміткерлер бойынша  ұсыныстар қабылданатыны туралы хабарлайды.

Конституциялық заңның талабы негізінде әрбір саяси партия  тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы. 

Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын үміткерлерді ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзгеде қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. 

Саяси партиялар, өзгеде қоғамдық бірлестіктер, немесе жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 28 ақпаннан бастап 18 наурызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады: 

1) сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер ұсыну туралы  саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партиялар,  қоғамдық бірлестіктер немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 

4) үміткерлердің сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына үміткерлер туралы мәліметтердің, үміткерлердің сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың «Shymkent-maslihat.kz» сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесіне үміткер осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре  алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.   

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 18 наурызға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 15:00-ге дейін.

 

Шымкент қаласы мәслихаты

 

Шымкент қаласы  мәслихатының хатшысы – Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев. 

Мәслихаттың орналасқан жері:  Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы,10.

Жауапты тұлға –  Ақмарал Төреханқызы Алибекова, № 205 каб., қалааралық телефон коды (87252) қызметтік телефон 24-74-42, 24-74-00, электрондық пошта мекенжайы   maslihat_shm@mail.ru.

 

Сайлау учаскелерінің нөмірі және орналасқан жері (жүктеу)

Өтініш (жүктеу)

Ұсынымдарға қосымша (жүктеу)