Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2018 жылғы 27 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы».
«2018 жылға арналған Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы».
және тағы басқалар.