20.07.2020
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына және «Шымкент қаласында қатаң шектеу шараларын және карантинді ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі №27 қаулысына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы 2020 жылдың 24 шілдесінде сағат 10.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:
- «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев