02.09.2020
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс тоғызыншы сессиясы 2020 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
- «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының есебі туралы;
- Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының есебі туралы;
- Шымкент қаласының туризм басқармасының есебі туралы;
- Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы;
- Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция инспекторларының кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы;
- Әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қадағалау мен қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы;
- Шымкент қаласының кәсіпкерлікті және индустриалдық-инвестициялық даму басқармасының Шымкент қаласында шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік секторын дамыту және қолдау жөніндегі жұмысы туралы;
- Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;
- 11. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев