12.06.2020
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына және Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 7 маусымдағы №20 қаулысына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясы 2020 жылдың 15 маусымында сағат 16.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:
- Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына ұсыну туралы;
- «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихаттың 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №51/432-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев