Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
29.05.2020

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс бесінші сессиясы 2020 жылдың 12 маусымында сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына  келесі мәселелер ұсынылады:

1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері.

2. Абай ауданы әкімінің жұмысы туралы.

3. Әл-Фараби ауданы әкімінің жұмысы туралы.

4. Енбекші ауданы әкімінің жұмысы туралы.

5. Қаратау ауданы әкімінің жұмысы туралы.

6. Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жағдай және даму перспективалары туралы.

7. Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі туралы.

8. Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының есебі туралы.

9. «2020-2022 жылдарға араналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

10. Шымкент қаласы мәслихатының №5 округінен сайланған депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

11. «Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардығы №43/349-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

12. «Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардығы №43/350-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

13. «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардығы  №43/351-6с шешіміне өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы.

14. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс алтыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                                                                  Ғ.Ташқараев