Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс төртінші сессиясы 2020 жылдың 4 мамырында сағат 16.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев