Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
31.03.2020

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы 2020 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:
«2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы                                                                                                             Ғ.Ташқараев