Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс үшінші сессиясы 2020 жылдың 23 желтоқсанда сағат 11.00-де өтетіндігін хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы;
2. «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихатының сессиялары мен отырыстары http://Shymkent-maslihat.kz сайтында онлайн-көрсетілімдері жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы
мәслихаты хатшысының м.а. Е.Дәрменов