Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
27.11.2020

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпіс екінші сессиясы 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына  келесі мәселелер ұсынылады:

1. 2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы;

2. Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы;

3. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының есебі туралы;

4. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының есебі туралы;

5. Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының есебі туралы;

6. Шымкент қаласының көлік жүйесін жандандыру аясында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы;

7. Шымкент қаласында халқын жұмыспен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды ұйымдастыру жағдайы мен шаралары туралы;

8. Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

9. 2021 жылға арналған Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы;

10. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Шымкент қаласы мәслихатының сессиялары мен отырыстары  http://Shymkent-maslihat.kz сайтында онлайн-көрсетілімдері жүргізілетін болады.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                                                        Ғ.Ташқараев

Разработка сайтов