Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
17.11.2020

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс бірінші сессиясы 2020 жылдың 20 қарашасында сағат 15.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

1. «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы;

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                   Ғ.Ташқараев